Зарина Дияс олимпиада чемпионын ұтып, турнирдің екінші айналымына шықты
Зарина Дияс олимпиада чемпионын ұтып, турнирдің екінші айналымына шықты
156
оқылды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан WTA сериясындағы турнирдің екінші айналымына шықты, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Зарина бірінші айналымда әлемнің 64-ші ракеткасы пуэрторикалық Монико Пуигпен кездесу өткізді. 59 минут өткен матч 6:0, 6:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.

Келесі айналымда Зарина Дияс америкалық Мэдисон Киз және ресейлік Дарья Касаткина жұбының жеңімпазымен ойнайды.