«Тегеран соғысқа дайын»: Иран АҚШ-қа ескерту жасады
«Тегеран соғысқа дайын»: Иран АҚШ-қа ескерту жасады
157
оқылды

Иран Америка Құрама Штаттарына егер барлық америкалық базалар мен авиатасымалдаушылар Иран Ислам Республикасы территориясынан екі мың шақырым жерде орналасқаны рас болса, ол Иран зымырындары жететін жерде тұрғанын ескертті, – деп хабарлайды Gazeta.ru.

Тегеран АҚШ-қа егер шиеленіс ушығатын болса Иран зымырандары АҚШ-тың кейбір әскери насандарына жетуі мүмкін екенін ескерткен. KSIR командирі Иранның соғысқа дайын екенін атап өтіп, бірақ бұл екі жаққа да қажет емес екенін айтты.Соңғы уақытта Америка Құрама Штаттары мен Иран Ислам Республикасы арасындағы қатынастар нашарлады. Оған бір себеп Сауд Арабиясының мұнай нысандарына ұшқышсыз дрондардың шабуылы да әсер еткен.

«Әл-Удед базасы (Катарда) мен әл-Зафра базасы (БАӘ-де) және Оман шығанағындағы бір америкалық кеме қарауылға алынды. АҚШ жауап берсе, біз қарсы соққыға дайынбыз»,– деген командир Тасним.

Ислам Төңкерістік Сақшылар корпусының (IRGC, Иран қарулы күштерінің элиталық бөлімшелері) аэроғарыштық күштері бригадасының генералы Амир Али Хаджизаде: «өз кезегінде Тегеран соғысқа дайын, бірақ АҚШ та, Иран да оны бастағысы келмейді»,-деп мәлімдеді.

Айта кетейік, АҚШ-Иран қарым-қатынасы 14 қыркүйекте Сауд Арабиясының мұнай нысандарына он дронның шабуылына байланысты туындаған. Йемендік хуситтік бүлікшілер аталған шабуылдар үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, бірақ АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бұған сенуден бас тартып, бұл іске Тегеранды кіналап, «Иран қазір жаһандық энергия жеткізушісіне бұрын-соңды болмаған шабуыл жасады», - деп мәлімдеген.

Иран СІМ америкалық тараптың айыптауларын жалған және негізсіз деп атады. «Америкалықтар жүргізген» максималды қысым көрсету «саясаты сәтсіздікке байланысты» максималды өтірікке «бет бұрды», – дейді ирандық дипломаттар.