Елімізде жедел миокард инфарктімен ауыратындар саны 5% артты
Елімізде жедел миокард инфарктімен ауыратындар саны 5% артты
198
оқылды

Қазақстанда жедел миокард инфарктісі ауруының саны шамамен 5%-ға өсті, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Мәселен, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында өлім-жітімді 10%-ға  төмендету көзделген (2016 жылы 7,56-дан 2019 жылы 6,28-ге дейін). Денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2016 жылы – 7,56, 2017 жылы – 6,97, 2018 жылы – 7,2, 2019 жылы – 7,1 жетуі тиіс. ҚР Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2016-2018 жылдары Қазақстанда өлім-жітім 3,12%  төмендеді. Сараптама нәтижелері бойынша мына өңірлерде кісі өлімі көп тіркелген: Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары. Бұдан басқа, Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында да көрсеткіш деңгейі өсіп келеді», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қан айналымы жүйесі ауруларына қатысты, елімізде миокард инфарктісінен көз жұмғандар  4,4%  артқан. ШҚО, БҚО, СҚО, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстары және Алматы қаласы бойынша көрсеткіштер орташа республикалық деңгейден жоғары.

Тыныс алу органдары ауруларынан болатын өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіштері ШҚО, Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарында байқалады.