Білім беру жүйесінде жаңашылдық
Білім беру жүйесінде жаңашылдық
©Сурет интернеттен алынды
276
оқылды
Білім беру жүйесінде ақпараттық құралдар мен телекоммуникациялық технологияларды қолдану жаңа қоғамның дамуындағы практикалар мен негізгі тенденцияларға сәйкес болғандықтан заңды болып табылады. Қазіргі заманғы мамандардың кәсіби ортасында жүргізілетін өзгерістерді талдау, келесідей нәтижелерге қол жеткізеді:
  • біріншіден, жаңа қоғам, ақпараттық мәдениеттің жоғары деңгейін меңгерген және ақпараттық орта жағдайында шешім қабылдауға қабілетті мамандардың жаңа түрлерін қажет етеді;
  • екіншіден, осы шарттарды жүзеге асыру үшін, бүгінгі күні қоғамның әлеуметтік тапсырысын толық орындауға қабілетсіз болып отырған, жоғары оқу орындарында бакалаврлар мен магистрлерді дайындау жүйесіне өзгеріс енгізу керек.
Бұл мәселені шешуде, білім беру жүйесінде мамандар дайындау процесіне оқытуды жекелендіруге, білім алушының оқу-танымдық қызметін белсенді етуге, кәсібилікке жақындатуға көмегін тигізетін, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу керектігін зерттеулер нәтижесі көрсетіп отыр. Республиканың көптеген жоғары оқу орындарының оқу практикаларында оқытуда ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолданудың анықталған тәжірибелері жинақталған. Негізінен, бұлар қарапайымнан кешендіге дейінгі, түрлі қолданылу деңгейіндегі оқыту және бақылау бағдарламалары. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолданып, мамандардың кәсіби қызметін дайындауды қалыптастыру процесін қиындататын негізгі себептердің ішінен зерттеушілердің ойынша мынадай түрлері алға қойылып отыр[18]:
  1. Мамандардың үздіксіз ақпараттық дайындығының теориялық негізделген жүйесінің болмауы.
  2. Дайындау процесінің негізі болашақ маманның кәсіби қызметке дайындығының моделінде емес, оқу жоспарлары мен бағдарламалардың ережелерінде болуы.
  3. Теориялық дайындықты практикалыққа айналдыру тенденциялары және ақпараттық фондыны толтыруға теориялық дайындықтың мәліметтері.
  4. Жаңа ақпараттық технологиялардың арнайы пәндерін игеру процесіндегі қолданыстың жеткіліксіздігі.
  5. Жоғары мектепте оқыту процесінде маманның ақпараттық дайындық жүйесінің болмауы.
Республиканың жоғары оқу орындарында қазіргі заманғы маман дайындауда туындап отырған басты мәселе, қоғамның әлеуметтік тапсырысына оқыту жүйесінің сәйкессіздігі болып отыр. Қазақстандағы жаңа білім беру жүйесінің алдында қабілетті жас ұрпақ дайындау шарттары тұр. Олар мынадай қасиеттерге қабілетті болу керек:
  • өзгеріп отыратын өмір заңдылықтарына қабілетті болу үшін өз бетінше білім мен біліктілікті игеруге;
  • шығармашылық ойлауға, мәселелерді көріп және оларды жаңа технологияларды қолданып шешу жолдарын таба білуге;
  • ақпаратпен сауатты жұмыс істеуге, жауапкершілікті болуға, топпен жұмыс істей білуге;
  • өзінің интеллектуалдық, ойлау және мәдени деңгейін үнемі көтеріп отыруға қабілетті болу керек.

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ақмая ауылы,

№49 орта мектебінің информатика пән мұғалімі