Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбырмен бірге найзағай күтіледі. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Республиканың батысында және солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Алматы облысының кей жерлерінде желдің екпіні 25 м/с-ке күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл облысында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-ке артады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұршақ жауады. Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл, 15-20 м/с жел, бұршақ жауады деген болжам бар. Түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысында бұршақ жаууы ықтимал. Қызылорда облысында, Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Жамбыл облысының батысында, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.