Параспорт бойынша жаңа екі федерация құрылды
Параспорт бойынша жаңа екі федерация құрылды
Фото: Интернеттен алынды
158
оқылды
«ҚР Паралимпиада комитеті жазғы паралимпиадалық емес спорт түрі «паракаратэден» спорт федерациясы ретінде «Паракаратэ федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігін және жазғы паралимпиадалық спорт түрі «параатудан» (оқ ату) спорт федерациясы ретінде «Қазақстандық спорттық ату федерациясы» қоғамдық бірлестігін мойындады. Спорттық федерация мақұлдауға ие болғаннан кейін өз спорт түріне Ұлттық паралимпиада комитетінде өкілдік етеді. Сонымен қатар сертификат спорт федерацияларына мемлекеттік аккредитацияны алуға және өз спорт түрлерін республикалық федерация ретінде дамытуға мүмкіндік береді» делінген Паралимпиада комитетінің мәлімдемесінде.