Жасөспірім қызды «видеоны жариялаймын» деп бопсалаған күдікті анықталды
Жасөспірім қызды «видеоны жариялаймын» деп бопсалаған күдікті анықталды
Фото: Интернеттен алынды
120
оқылды
Жасөспірім қыз ұятқа қаламын деп қорқып, әйел талап еткен барлық соманы берген. Осылайша, үш ай ішінде бопсалаушы жәбірленушіден миллион теңге алыпты. Шыдамы таусылған қыз әкесіне бәрін айтып берген. Ер адам полицияға арызданды, күдікті 120 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталды. Полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталған келіншек Мақтаарал ауданының тұрғыны, одан айғақ зат ретінде ақша мен видео алынды. https://youtu.be/UEUx3o8qxQ4