Қазақ радиосына жаңа директор тағайындалды
Қазақ радиосына жаңа директор тағайындалды

Дулат Орынбасарұлы Абибуллаев «Қазақ радиолары» ЖШС Бас редакторы және Қазақ радиосының директоры лауазымына тағайындалды.

Дулат Абибуллаев 1985 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі. Сондай-ақ экономист мамандығын игерген.

БАҚ саласында 12 жылдан астам еңбек өтілі бар. «31 телеарна» медиахолдингінде редактор, «Өнер жұлдыздары» республикалық журналында PR-менеджер, шеф-редактор, Бас редактор, «Қазақстан кәсіподағы» газетінің Бас редакторы, ҚР Кәсіподақтары Федерациясының баспасөз-хатшысы қызметтерін атқарған.

2012 жылдан бері «Казақстан» РТРК АҚ құрамында жұмыс істейді, ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің журналисттік ПУЛ тобының тілшісі. «Алтын қалам», «Шабыт» Халықаралық шығармашылық байқауларының жүлдегері.