Елорда оқушыларына 500 заманауи планшет пен 2000 сертификат сыйға тартылды
Елорда оқушыларына 500 заманауи планшет пен 2000 сертификат сыйға тартылды
183
оқылды
Құжаттарды қабылдау және үміткерлерді тіркеу жөніндегі ұйымдастыру комитеті «Nur Otan» партиясының елордалық филиалында өз есігін айқара ашты. Бірінші күні партияішілік іріктеуге қатысуға 25 адам құжат тапсырды. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 200-ден асты, оның ішінде әйелдердің үлесі 30%-дан асады, 35 жасқа дейінгі қатысушылар 40%-ға жуық. сертификат «Nur Otan» партиясы елордалық филиалының ұйымдастыру комитеті күн сайын демалыссыз жұмыс істейді. Біздің қызметкерлер партияішілік іріктеу, үгіт-насихат кезеңінің ережелері, алдағы дебаттар туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізеді.  Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде қатысушылардан басқа, дебат модераторларына да жеребе тасталынады. Қала тұрғындарын  тікелей эфирді тамашалауға  шақырамын, праймеризге қатысушылардың өздері туралы және сайлауалды бағдарламаларын таныстыруы, қарсыластарының сұрақтарына берген жауаптары қызық болары сөзсіз», – деді «Nur Otan» партиясы елордалық  филиал төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов. Ерлан Каналимовтың айтуынша, партияішілік іріктеу кезінде елордалық партиялықтар өздерінің күнделікті жұмыстары – партиялық және ұлттық жобаларды жүзеге асыруды ұмытпайды. сертификат «Біз «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы аясында «Баланы мектепке дайындайық» акциясын алғашқылардың бірі болып бастадық. Мысалы, кеше «BI – Group» ЖШС бастауыш партия ұйымымен бірлесіп, елорданың денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің бірінші сыныпқа баратын балаларына 145 ноутбукты сыйға тарттық. «Баланы мектепке дайындайық»  акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласының 2,5 мыңнан астам көпбалалы және аз қамтылған отбасы Білім күні қарсаңында «Nur Otan» партиясының елордалық филиалынан көмек алады. 500 заманауи планшет пен кеңсе тауарларын сатып алуға 10 мың теңгелік соммаға 2000 сертификат беріледі. Бұл ретте, қажетті заттарды сатып алуға ақша біздің шотқа түспейді. Мұның бәрі бюджет  есебінен емес, демеушілердің ақшалай қаражатына сатып алынады», – деп атап өтті Е. Каналимов. Сонымен қатар, Ерлан Каналимовтың айтуынша, төтенше жағдай режимі мен бірқатар карантиндік шаралар алынып тасталғаннан кейін, қоғамдық қабылдау бөлімі  жұмыс істеді, ол КВИ пандемиясы кезінде де өз қызметін  тоқтатқан емес. Қазіргі таңда елордада дәстүрлі түрде апта сайын сәрсенбі күндері өзекті және проблемалық мәселелер бойынша азаматтарды онлайн – қабылдау өткізіледі.