Қазақстанда карантин кезінде 4 587 ерлі-зайыпты ажырасқан
Қазақстанда карантин кезінде 4 587 ерлі-зайыпты ажырасқан
Фото: Интернеттен алынды
Статистика комитетінің мәліметінше, коронавирус тараған наурыз айында Қазақстанда ажырасу саны – 2 103, сәуір – 332, мамыр – 731, маусымда 1 421 болды. Әзірге шілде айындағы ресми статистика жоқ. Яғни 2020 жылдың қаңтарынан маусымына дейін елімізде барлығы 12 747 жұп ажырасқан, – деп жазады 24.kz. Қазақстанда пандемияның төрт айында көбінесе, Алматыда ажырасу ең көп тіркелген. Наурыз, сәуір, мамыр және маусым айларында Алматыда 554 жұп ажырасқан. Екінші орында – Қарағанды облысы. Наурыздан маусымға дейін бұл аймақта 516 ерлі-зайыпты ажырасқан. Үшінші орында – Алматы облысы, осы кезеңде 503 жұп ажырасқан. Ажырасулардың ең аз саны Қызылорда облысында тіркелген, онда пандемия және өзін-өзі оқшаулау кезеңінде барлығы 31 ажырасу дерегі тіркелген. Нұр-Сұлтанда 345 жұп ажырасса, Шымкентте 184 жұп ажырасқан екен.