ЮНЕСКО: 9 миллион қыз және 3 миллион ұл бала партаға отырмаған
ЮНЕСКО: 9 миллион қыз және 3 миллион ұл бала партаға отырмаған
113
оқылды

Халықаралық қоғамдастық шұғыл шара қолданбаса, 12 миллион оқушы мектепке бармай қалуы мүмкін. Бұл туралы ЮНЕСКО-да айтылды.

Өткен жұма күні ЮНЕСКО-ның Статистика институты әлемдегі мектептер жағдайы туралы соңғы мәліметтерді жариялады.

2018 жылы әлемдегі мектеп жасындағы 258 миллион баланың алтыдан бір бөлігі –оқымағаны анықталған. ЮНЕСКО егер халықаралық қауымдастық шұғыл шара қолданбаса алдағы онжылдықта да ештеңе өзгермейді деп есептейді.

ЮНЕСКО мамандарының зерттеуінше, жағдай әр елде әр түрлі. Мысалы, кедей елдерде бастауыш сынып оқушыларының 19 пайызы (6 жастан 11 жасқа дейін) білім алмайды, ал бай елдерде бұл көрсеткіш 2 пайыздың айналасында.

ЮНЕСКО-ның бас директоры Одри Азуле: «Әсіресе, қыз балалар үлкен кедергілерге кезігуде. Біздің есебіміз бойынша, бастауыш мектеп жасындағы 9 миллион қыз ешқашан оқуға кірмеген болса, ұлдар арасында бұл көрсеткіш 3 миллионды құрайды»,–деп мәлімдеді.