Аймағамбетов кезекші сыныптарға қатаң талап қойылатынын айтты
Аймағамбетов кезекші сыныптарға қатаң талап қойылатынын айтты
Фото: Интернеттен алынды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, қауіпсіздік талабы қатаң сақтау талап етіледі, – деп хабарлайды «Қазақпарат». «Кезекші сыныптар дәстүрлі форматта оқиды десек те бірнеше қатаң талап қойып отырмыз. Өйткені, біз үшін ең бастысы – қауіпсіздік мәселесі. Сондықтан біріншіден үзіліс әртүрлі уақытта болады. Сабақтың басталуы да әртүрлі уақытта жүргізіледі. Екіншіден, қыркүйекте сабақ ұзақтығы 40 минутпен шектеледі. Балалар бір кабинетте ғана оқиды. Әдеттегідей бір кабинеттен екінші кабинетке көшіп оқуға жол бермейміз деп шештік. Әр күн сайын термометрия жүргізіледі. Жуу, желдету режимі бойынша тиісті талаптар қолданылады. Шағын жинақталған мектептерде дәстүрлі білім беру барысына да осы талаптар қойылып отыр. Бұған қоса, бір сыныпта 25-30 бала болатын болса, онда оларды 15 баладан аспайтын топқа бөлу керек деген шешім қабылдадық. Осы шешім аясында жұмыс жүргізіледі», – деді Асхат Аймағамбетов.