«Алматы дарыны» орталығы ашылады
«Алматы дарыны» орталығы ашылады
Фото: Интернеттен алынды
357
оқылды
2019-2020 оқу жылында карантин режиміне қарамастан, алматылық оқушылар әртүрлі халықаралық, республикалық олимпиадалар мен конкурстардан 28 алтын, 75 күміс, 96 қола медаль жеңіп алды. Әкімнің тапсырмасы бойынша балаларды қолдауға, олардың таланттары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Форум барысында Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева дарынды балалар мен талантты жастарды анықтайтын, қолдайтын  «Алматы дарыны» орталығы құрылатынын хабарлады.
«Жаңа оқу жылында «Алматы дарыны» орталығы өз жұмысын бастайды. Орталық қызметінің бағыты – балалармен тәрбие жұмысын жетілдіру. Сонымен қатар, оқытудың тәрбиелік аспектісін күшейту мақсатында,  2019-2024 жылдарға арналған «Ел жастары» балалар мен жастарды тәрбиелеудің Алматы өңірлік бағдарламасын іске асыру  жұмысы жандандырылады», - деп атап өтті Л.Жылқыбаева.
Басқарма басшысының айтуынша, қашықтан жұмыс істеу жағдайында балаларға шығармашылық жағынан өзін-өзі дамытуға мүмкіндік беріледі. Осыған байланысты қосымша білім беру ұйымдарының қызметіне, тәрбиелік маңызы бар онлайн іс-шараларды өткізуге көп көңіл бөлінеді. «Жаңа оқу жылында күшейтілген тәрбие жұмысына, оның сапасы мен тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді», - деді ол. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды қолдау бойынша Жол картасын әзірлеуді тапсырған болатын. Үкімет басшылары мен әкімдер мұндай балаларға үйірмелерге, орталықтар мен жазғы лагерьлерге баруға мүмкіндік беруі тиіс.