Әкесінің видеосын алғаш рет көрген Роналду көз жасына ерік берді (видео)
Әкесінің видеосын алғаш рет көрген Роналду көз жасына ерік берді (видео)
214
оқылды

Ол менің марапаттар алып жатқан сәтімді көре алмай кетті

«Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду британиялық ITV телеарнасына сұхбат берген.

Телесұхбаттың бірқатар үзінділері әлеуметтік желіде пайда болып үлгерген. Роналдуға әкесі Жозе Диниш Авейрудің 2005 жылы норвегиялық телеарнаға берген сұхбаты көрсетілген. Бұл бейне жазбаны футболшы алғаш рет көрген. Онда әкесі ұлымен мақтанатынын айтады. Осыдан соң көп өтпей Роналдудың әкесі көз жұмған.

- Бұл сен үшін көңіл тебірентерлік сәт шығар

- Мен мұны ешқашан көрген емеспін... Кешіріңіз... (Роналду көзіне жас алып)

- Неліктен мұңайдың?

- Өйткені мен нөмірі бірінші болдым, ал ол оны көре алмады. Менің марапаттар алып жатқан сәтімді көре алмай кетті.

- Ол сонда сенің атақты болғаныңды мүлде көрмеді ме?

- Ешқашан. Менің отбасым, анам, ағаларым, тіпті ұлым көрді. Ал бірақ әкем ешбірін көре алмады. Бұл сұхбат көңілді өтеді деп ойлаған едім, жылаймын деп күтпедім. Бұл кадрларды ешқашан көрмеппін. Оны сен қайдан алдың, білмеймін... Мен мұны өз отбасыма көрсетуім керек. Әкемді 100 пайызға білмедім. Ол өте көп ішті. Онымен бірге отырып ешқашан салихалы әңгімелесіп те көрмеппін. Бұл өте қиын.

Роналдудың анасы Долореш пен қарапайым жұмысшы Жозе Диниш 1973 жылы үйленген. Долореш екінші рет жүкті болған кезде күйеуін әскер қатарына шақырып, Африкаға аттандырады. Ол кезде португалиялық колониялар тәуелсіздік үшін күресіп жатқан. Соғыстан ол аурушаң және депрессиялы күймен оралады. Жұмысын тастап, ішкілікке салынады. Ал Долореш болса Мадейрадан кетіп, Парижде жұмысқа орналасады.

Кейін Долореш қайта оралады, ол кезде күйеуі әлі түзу жолға түспеген екен. 30-ға толғанда анасы тағы да жүкті болады. Сол кезде олардың екі қызы, бір ұлы бар еді. Отбасы тек қонақүйде аспаз және еден жуушы болып істейтін Долорештің жалақысына күн көрген. Дәрігер түсік жасаудан бас тартады. Көршілері болса жүктілікті тоқтату үшін қайнатылған сыра ішуге де кеңес берген. Бірақ бұл тәсіл көмектеспейді. Ақыры 1985 жылы 5 ақпан күні Криштиану Роналду өмірге келген.

ruec6cd1cedf4.jpg

Кейін Диниш жергілікті «Андоринья» клубына шаруашылық меңгерушісі болып жұмысқа тұрады. Ол жерде Диниш шөпті, дәретхананы тазалап, формаларды жуып, доптарды жинаумен айналысқан. Әкесі 2005 жылы 7 қыркүйек күні Лондондағы клиникалардың бірінде көз жұмады. Дәл сол уақытта Роналду Мәскеуде Ресейге қарсы өтетін матчқа (әлем чемпионатының іріктеу кезеңі) дайындалып жатқан болатын.

https://youtu.be/oEDkxZ_foTQ