Аймағаметов интернеті жоқ ауылда тұратын студенттердің қалай білім алатынын айтты
Аймағаметов интернеті жоқ ауылда тұратын студенттердің қалай білім алатынын айтты
134
оқылды
Интернеті жоқ ауылда тұратын студенттер қалаға келіп, жатақханаға тұра алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«Интернеті жоқ ауылдарда тұратын студенттер қалаға келіп, санитарлық-эпидемиологиялық норма сақталатын жоғары оқу орындарының жатақханаларында оқшауланып тұра алады»,- деп жауап берді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистің сұрағына.
Оның айтуынша, жатақханаларда студенттер жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіледі.
«Оларға жатақханада тұрып, оқу үшін жеке бағдарлама әзірленіп, арнаулы мүмкіндік жасалады», - деді Асхат Аймағамбетов.