Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. 28 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. 28 тамызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Ертең күндіз Өскеменде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15 м/с жетуі мүмкін. Ертең күндіз Семейде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. 28 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай жарқылдайды. Күндіз жел оңтүстіктен соғады кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ертең күндіз Оралда жел оңтүстіктен соғады, екпіні 18 м/с жетеді. 28 тамызда күнде, 30 тамызда күндіз, сондай-ақ 31 тамызда Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады, тұман түседі. 28-31 тамызда өңірде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. 31 тамызда күндіз Таразда кей кездері күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. дауыл соғады. 28 тамызда күндіз, 29 тамызда күні бойы солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.