Бекшин қазан, қараша айларында коронавирус өршуі мүмкін екенін айтты
Бекшин қазан, қараша айларында коронавирус өршуі мүмкін екенін айтты
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қазан, қараша айларында коронавирус өршуі мүмкін деп есептейді.
"Күзде қауіпті коронавирус инфекциясына тұмау қосылады. Сондықтан қараша, қазан айлары өте қиын болуы мүмкін. Алматы қаласында соңғы аптада ЖРВИ-дің 940 дерегі тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26% артық", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 105 243-ке жетті. 94 713 науқас жазылды, 1 523 адам аурудан көз жұмды. Алматыда індетті 14 144 адам жұқтырды. 12 848 науқас айықты, 252 адам қайтыс болды.