Елордада "Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Назарбаев пен Тоқаев алдағы Саяси кеңес бюросы отырысының күн тәртібі мен партияның сайлауалды тұғырнамасының негізгі тармақтарын сөз қылды. Елбасы мен Мемлекет басшысы дағдарыстан кейінгі кезеңде елдің одан әрі дамуын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.