Белгісіз біреулер Семей әкімдігінде жарылғыш зат бар екенін хабарлаған, - деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті. Қалалық әкімдікте жарылғыш зат бар деген аноним хабарлама 102 жедел арнасына түскен.
"Қазіргі уақытта Семей қаласының Полиция басқармасы мен шұғыл қызмет өкілдері бұған қатысты ақпаратты тексеріп жатыр, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігі үшін барлық қажет шара қабылданып жатыр", - деп түсіндірді өңірлік ПД баспасөз қызметінің өкілдері.Бүгінде әкімдікке тиесілі аймақ қоршауға алынған. 170-ке жуық қызметкер эвакуацияланды. Оқиға орнында саперлер мен қызметтік иттері бар кинолог мамандар жұмыс істеп жатыр.