Семей әкімдігінің ғимаратынан ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ - полиция
Семей әкімдігінің ғимаратынан ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ - полиция
© сурет интернеттен алынды
Семейдің әкімдік ғимаратынан жарылғыш зат табылған жоқ, деп хабарлайды қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
«Сағат 17.00-де әкімдік ғимаратында жарылғыш зат қойылғаны жайлы хабарлама бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары аяқталды. Алаңдауға еш себеп жоқ. Мамандар жарылғыш заттарды таппады», -  деп хабарлады ведомстводан.
Семей қалалық полициясы ҚР ҚК 273-бабы бойынша көзделген қылмыстық заң бұзу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл бап дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Естеріңізге сала кетейік, күндіз қалалық әкімдіктің ғимаратында жарылғыш зат қойылғаны туралы аноним телефон қоңырауы түскен болатын.