Илон Маск адамның миына чип енгізеді
Илон Маск адамның миына чип енгізеді
163
оқылды
Танымал бизнесмен Илон Маск екі күннен кейін адамдарды чиптеуге арналған құрылғыны көрсетпек, - деп жазады 24.kz. Бизнесменнің айтуынша, ол ауыр ми жарақатымен байланысты ауруларды емдеуде қолданылады. Яғни миды чиптеу жүру, сөйлеу, есту қабілетінен айырылған адамдарға көмектесуге арналған. Технологияның толық мүмкіндіктері 28 тамызда өтетін тұсаукесерде таныстырылмақ. Айта кетейік, бұл жоба 2016 жылы қолға алынды. Содан бері мамандар микроробот арқылы миға кіріктірілетін арнайы чип жасаумен айналысып келді.