2020 жылдың алғашқы жартысы мұнай саласы үшін аса ауыр кезек болды. Пандемияның зардабын ең көп тартқан саланың бірі осы мұнай-газ өндірісі. Оған ОПЕК+ аясындағы келісімдердің сәтсіздігі, мұнай бағасының рекордтық деңгейде құлдырауы қосымша соққы болып тиді. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қаржылық нәтижелері де мұны растап отыр. «Алғашқы жартыжылдықта түсім 2 254 млрд теңгені (5 570 млн АҚШ доллары) құрады. Бұл 2019 жылғы кезеңнің көрсеткішінен 33,8% аз. EBITDA көрсеткіші 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтағы көрсеткішпен салыстырғанда 46,6% төмендеп, 552 млрд теңгені (1 364 млн АҚШ доллары) құрады», – деп жазады ұлттық компанияның баспасөз қызметі. Алғашқы 6 айда мұнай алпауытының таза пайдасы 2019 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 96,7%-ға төмендеп, 21 млрд теңге (51 млн АҚШ доллары) болған. Ал акционерлерге тиесілі пайда 104 млрд теңгені (256 млн АҚШ доллары) құраған.