Дәрігерлер он жасар қызға C гепатитін жұқтырды
Дәрігерлер он жасар қызға C гепатитін жұқтырды
©Сурет интернеттен алынды
Петропавлдық 10 жастағы қыз ауруына ауру жамап алды. София Кладова сирек кездесетін миастения синдромының үстіне С гепатитін жұқтырған. Анасы бұған дәрігерлерді кінәлайды. - Нақты неден болғаны әлі белгісіз. Бірақ естуімше, қанның құйғанынан осыған шалдығуы мүмкін,  - дейді Светлана Кладова. Айтуынша, қызының бойында С гепатиті бар екенін енді біліп отыр. Жарты жыл бұрын олар Алматыға емделуге барып, Софияның екі өкпесі қабынады. Сол кезде Жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлер оған қан құған екен. "Егер қан құю керек болса, рұқсатыңызды бересіз бе» деп сұрады. Қызым өмір мен өлімнің ортасында жатқанда қалай жоқ деймін. Оларға сеніп, құжатқа қол қойдым" дейді Софияның анасы. 5-сынып оқушысы сирек кездесетін миастения синдромымен ауырады. Беті мен мойыны тартылып, тұншығып қалуы мүмкін. София кезекті рет емделу үшін Петропавлда анализ тапсырып, жағымсыз жауап алды. Үш зертхана да С гепатитін көрсеткен. Бұл туралы Алматыдағы жұқпалы аурулардың клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері тіл қатпаған. «Ата-анасының шағымы бар екенін білген жоқпыз. Өйткені олардан бізге ресми түрде арыз түспеді. Ауру жұқтырды деген деректі ата-анасы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментіне хат жазып, тексерте алады»  деген жазбаша хат келді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасынан. Қазір Светлана уақытын жоғалтқысы келмейді. Ол қызымен ем іздеп, Мәскеуге жолға шығайын деп жатыр.