Парламентке сарапшылар келді
Парламентке сарапшылар келді
224
оқылды
Сарапшылар ұсынысын, жұрт­­­­шылықтың талап-тілегін, сын-ескертпелерін Мәжіліс де­пу­тат­тары бірінші кезекте әлеу­мет­тік, экономикалық са­ла­лар­дағы заңна­маны жетіл­діруге және Мем­­ле­кет бас­шы­сының саяси рефор­мала­рын іске асы­руға ар­налған заңдар­ды пысық­тау ке­зінде еске­реді. – Біздің ұстанымымыз бел­гілі: заңшығарушылық жұмыс бары­сында сарапшылар тара­пы­нан айтылған ұсыныстар мен пікір­лер­ді барынша есепке алу. Заң жо­баларымен жұмыс істеу кезін­де бағаларыңыз бен тұжы­рым­да­ры­ңызға сүйену үшін сарап­шы­лармен үнемі байла­ныста болуға ниет­тіміз, – деді Н.Нығ­ма­тулин. Оның мәліметінше, бүгінде палатаның қоржынында 72 заң жобасы жатыр, оның 21-не де­путаттардың өзі бастамашы бол­ған. Мәжіліс Спикері депутат­тар­дың алдағы заң шығару қызметі­нің басым бағыттары туралы айта келіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы парламенттік сес­сияның ашылуында жоспар­ланып отыр­ған халыққа Жол­дауы­ның орын­далуын заңнама­лық қол­дауды қамтамасыз етудің маңыз­­­­­­ды­лығына тоқталды. Де­путаттар алдында ауыл, аудан, қа­­ла деңгейіндегі билікпен ын­ты­мақтастықты кеңейту, Эко­ло­гия­­лық кодекс жобасымен жұ­мыс істеу секілді міндеттер тұр. Кездесуге қатысқан Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан, Мұрат Әбенов, Ғазиз Әбішев, Данияр Әшімбаев, Ғалым Байтоқ, Рақым Ошақбаев, Ерлан Сайы­ров және Марат Шибұтов бір­қатар мәсе­лені көтерді. Атап айтқанда, оның арасында «Жайы­­лымдар туралы» заңды тиімді қолдану, жеке тұл­ғалар­дың банкроттығы, халықты несиелендіру түйткіл­дері, ме­мор­г­андар мен әкімдіктер жа­нын­дағы қоғамдық кеңес­тердің жұмысы сияқ­ты мәселелер бар. Отырыс ба­рысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы күшейту ба­ғы­­тын­дағы жұмыста депутаттық кор­пус пен сарап­шы­лар қоғам­дастығы тізе қоса қи­мыл­дауы қа­жет екені атап өтілді. Нұрлан Нығматулин депу­тат­тық корпус пен сарап­шылардың ын­­­ты­­­­­­­мақ­­­­­тасты­ғы нәтижесінде сал­­­­­­­мақ­­ты, сын­дарлы пікірлер ес­ке­­­ріліп, са­палы заң жобалары қа­был­­данатынына сенім білдірді.  

Айхан ШӘРІП