Жігерлі спортшы бағын сынайды
Жігерлі спортшы бағын сынайды
5,219
оқылды
Бекнұр Бисенов 1992 жылы дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, мұнайшы, жайдарманшы, өнертапқыш «ӨзенМұнайГаз» АҚ Жас мамандар кеңесінің белсенді мүшесі. Өмірдегі басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы мүмкіндігі шек­теулі жандарға қол үшін созу, олар­дың өзге жандардан еш айыр­машылығы жоқ екендігін дәлелдеу. Сол бағытта 2012 жылдан бері «Алға» мүгедектер спорт клубына жетек­шілік етіп келеді. Бүгінге дейін Жаңаөзен қаласында тұңғыш рет тек мүмкіндігі шектеулі жан­дар­ға арналған заманауи спортзал ашты. «Маған соңғы кездері «Саған бұл не үшін керек?» деген сұрақты жиі қояды. Жауап белгілі және өте қара­пайым. Қазіргі жастарда идея деген өте көп, бірақ оны іске асыру үшін мүмкіндіктер жетісе бер­мейді. Бел­сенді жастармен жұ­мыс барысында соған көзім жетті! Қалада көптеген проблемаға тап бола отырып, мен жанашыр және белсенді жастардың қиын­дыққа қалай кезігетінін көріп жүрмін. Сондықтан өзім, мына өмір­ге беи­̆жай қарамайтын жас­тар­­ға қол ұшын созып, қолдау көр­­сетуді өзіме басты мақсат етіп қои­̆дым. Осы ретте болашақты өзіміз жа­сауға зор мүмкіндік бар екенін айт­қым келеді. Сондықтан «Nur Otan» пар­тиясының мүшесі ретін­де өте маңыз­ды шешім қабыл­дадым. Ол – Праймериз мүм­кін­дігін пайдалана отырып «Мықты көшбасшылар – күшті партия» қағидасы бойынша нақты және жігерлі көшбас­шы­лардың қата­рына қосылу арқылы жергі­лікті атқарушы органның қата­рын­да болу», – дейді Бекнұр Бисенов.