Қазақ фэнтезиі жүлде алды
Қазақ фэнтезиі жүлде алды
Оның еңбегін қазылар алқасы фэнтези жанрындағы бірегей туынды ретінде бағалаған.  Зәуре Төреханова – балалар жазушысы, сценарист. Банктегі қызметін тастап, шығармашылықпен айна­­лысқанына көп уақыт бола қой­маған. Соның өзінде бірнеше қазақстандық әдеби байқаулары мен сыйлықтардың лауреаты ата­нып үлгерді. Енді, міне Зәуре халық­аралық деңгейде танылып отыр. Пандемияның кесірінен ол  мара­паттау рәсіміне қатыса ал­ма­ды. Қазылар алқасы мү­шелерінің ай­туынша, оқиға өрбіген сце­нарий сюжетінде сиқырлы әлем кейіпкерлерінің образдары кере­мет суреттелген. «Сценарий бірегейлігімен таң­ғалдырады. Жан-жақты ізденіс байқалады. Шығарма фэнтези жанрында бүге-шүгесіне дейін суреттеледі. Мұндай тамашаны сирек кездестіресің», – дейді қазы­лар алқасының мүшесі Спен­сер Хоукен. Сонымен қатар қазақстандық режиссерлер мен сценаристердің тағы 3 еңбегі фестивальдің фи­налисі атанды. Еуразиялық шығармашылық гильдия кинофестивалі – Еура­зиялық кинематографтың ағыл­­­шын тілді кеңістікте таралуына себепші болып жүрген аз шара­лардың бірі. Биыл пан­демияға қарамастан, ұйым­дас­тырушылар шараны онлайн емес, дәстүрлі форматта өткізіп отыр.