Алматыда көлігі өртенген жүргізуші тірідей жанып кетті
Алматыда көлігі өртенген жүргізуші тірідей жанып кетті
Фото: Интернеттен алынды
147
оқылды
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты. Дулати көшесімен келе жатқан «Ниссан» көлігі отқа оранып, әл-Фараби көшесінің қиылысында тұрған патрульдік полиция көлігіне соғылған. Жол апатынан полиция қызметкері ауыр жараланған. Оны қаладағы ауруханаға алып кетті. Ал қызыл жалынға оранған «Ниссан» көлігінен тірідей жанып кеткен жүргізушінің денесі табылды. Қазір жол сақшылары жеңіл көліктің неден өртенгенін және тізгінде болған азаматтың аты-жөнін анықтап жатыр.