Қыз зорлаған экс-прокурор коттеджін кепілге қойып, бостандықта жүр
Қыз зорлаған экс-прокурор коттеджін кепілге қойып, бостандықта жүр
Фото: КТК арнасынан скриншот
5,166
оқылды
Оқиға былтыр қараша айында болған. Тергеу мәліметінше, ішімдікке сылқия тойған банкир экс-прокурор досымен бірге өзінің жүріп жүрген қызын асқан қатыгездікпен зорлаған. Пәтерде негізі 5 жігіт болыпты. Бірақ тек біреуі қамауға алынған. Ал экс-прокурор 84 миллион теңге тұратын зәулім үйін кепілдікке қойып, бостандықта жүр. Жәбірленушінің айтуынша, 38 және 40 жастағы күдіктілердің көрсетпегені жоқ. Түні бойы топтасып зорлап, одан қалды, соққыға жыққан. Тек таң атып, екеуі ұйқыға кеткенде ғана қыз пәтерден қашып шыққан. Банктің белді қызметкері өзінің жүріп жүрген қызын қонаққа шақырады. Пәтерде бұлардан басқа тағы бір жұп болған. Бірақ олар көп ұзамай үйіне қайтып кеткен. Солардың артынша пәтерге үш жігіт кіріп келген.
«Жәбірленуші үйіне кетпек болғанда, экс-прокурор есікті құлыптап, қызға тиісе бастапты. Содан банкирдің де ойы бұзылып, екеуі қызды төсекке сүйреді», – дейді жәбірленушінің адвокаты.
Ал қалған үшеуі болса, әрі қарай ішімдік ішіп отыра берген көрінеді. Қыздың «құтқарыңдар» деген айқайын таңға дейін естіген үшеу қазір сотта куәгер ретінде қатысып жатыр. Мәліметтерге қарағанда, істі боп жатқан экс-прокурор екі бірдей аудандық прокурордың көмекшісі қызметін атқарған. Алматы қалалық прокуратурасында да істепті. Тергеу басталғанда қамауға алынғанымен, көп ұзамай 84 миллион теңге тұратын коттеджін кепілдікке қойып, бостандыққа шығып кеткен. Қамауда тек банкир ғана. Ал сотта банкир мен экс-прокурордың құқығын бес бірдей адвокат қорғап жатыр. Сот процесінде олар тергеуге көңілі толмайтынын айтып, істі қайта қарауды сұрады. Алайда сот өтініштерін кері қайтарыпты. Ал атышулы процес күдіктілердің талабы бойынша жабық есік жағдайында өтуде.