COVID-19: Фотограф 101 дәрігердің фотосын Атырау көпіріне ілді
COVID-19: Фотограф 101 дәрігердің фотосын Атырау көпіріне ілді
Фото: 24.kz
Фотограф Руслан Мазунин тек дәрігерлерді ғана емес, барлық медицина қызметкерін қамтуды көздеген. Көпірде санитардан бастап реаниматологтың суретіне дейін тұр. Фотограф ақ халаттыларды суретке жұмыс барысында түсірген. Сондықтан әрбір фотоның өзіндік ерекшелігі бар. Фотограф Руслан Мазунин: «Мен режиссер досыммен бірге инфекциялық ауруханаға бардым. Сол жақта медицина мамандарын суретке түсірдік. Білесіздер, көңіл құлазитын жайттар көп болды. Сондықтан осы арқылы мейірімділікті насихаттап, ақ халаттыларға деген алғысымды жеткізгім келді.