Шымкентте жол апаты: бір әйел қаза тапты
Шымкентте жол апаты: бір әйел қаза тапты

Шымкентте автобус жеңіл автокөлікпен соқтығысты. «Хабар-24» ақпарына сәйкес автобус соққыдан жанына қарай құлап кеткен.

Жол апаты салдарынан кондуктор әйел қаза тапты. 13 адам жарақат алды. Олардың үшеуі – балалар. Зардап шеккендер емханаға жеткізілді.

«39 жастағы әйел жан сақтау бөлімінде жатыр. Бас миы шайқалған, сол қолындағы үш саусағы сынған. Емханаға жалпы 10 адам түсті. Олардың ең кішісі -17-де, ең үлкені -56-да», - деп хабарлады №1 қалалық клиникалық емхананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі Өткіржан Молдаханов.

Ресми ақпар бойынша автобус жүргізушісі бағдаршамының жүруге болмайды деген дабылына қарамастан жүріп кетіп, Toyota Camry маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары басталды. Сәйкесінше сараптама тағайындалды.