Мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды
Мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды
Фото: Интернеттен алынды
157
оқылды
«Укринформ» агенттігінің жергілікті «Думская» басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, полиция жарылыстан кейін қосалқы стансаның қасындағы шөп өртене бастағанын баяндаған. Журналистер сондай-ақ оқиға болған ауданда ыс пен түтін болғанын айтады. Сондай-ақ, кейін полицияда МӨЗ аумағындағы трансформаторлық қосалқы станса жарылып, одан кейін қасындағы шөп өртене бастағанын растаған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Осы арада, жергілікті тұрғындар жарылыстың металл іздеп, зауытқа кабель кесу үшін жиі келіп жүргендердің кесірінен болуы мүмкін деп күдіктенеді.