Челах, Күлекбаевтар жазасын өтеп жатқан «Қара бүркіт» түрмесінің бастығы ұсталды
Челах, Күлекбаевтар жазасын өтеп жатқан «Қара бүркіт» түрмесінің бастығы ұсталды
Фото: Интернеттен алынды

«Бірлескен операцияны Қостанай облысы полиция департаменті мен ҰҚКД қызметкерлері жүргізді. Қостанай облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің УК-161/3 төтенше қауіпсіздік мекемесінің бастығы сотталушыға жалпы қамқорлығы үшін пара алғаннан кейін ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігі «Пара алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Қостанай қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінген полиция аппаратында.

Қостанай облысы Полиция департаментінің басқарма бастығы Жәнібек Қамзеновтың айтуынша, құқық қорғау органдарында заңбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талданады. Жыл басынан бері ішкі істер саласының 21 қызметкері жұмыстан шығарылған. Тағы 23 қызметкер тәртіптік жазаға тартылып, лауазымынан босатылды. «Қара бүркіт» түрмесі Жітіқара қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан. Жеке құрамнан бөлек, түрмені ішкі әскер қызметі күзетеді.

Айта кетейік, «Қара бүркітте»  2012 жылдың желтоқсанында өмір бойына сотталған қарағандылық бұрынғы шекарашы, «Арқанкергенде» 14 шекарашыны өлтірген деп айыпталған  Владислав Челах, 2016 жылы 18 шілдеде Алматыдағы Алмалы АІІБ, ҰҚКД және Салық департаментінің ғимаратына қарулы шабуыл жасаған Руслан Күлекбаев отыр. Алматыдағы атыс салдарынан 10 адам қаза тапты.