Президент Алтынбаевты қызметінен босатты
Президент Алтынбаевты қызметінен босатты
Фото: Интернеттен алынды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мүслім Алтынбаев  19.01.1966 жылы Қарағанды қаласында туған. Білімі: 1987 жылы Ставрополь жоғары әскери авиациялық штурмандар мен ұшқыштар училищесін бітірген. 1998 жылы Ресей Федерациясы Қорғаныс Министрлігінің Әскери академиясын бітірген. 2004 жылы АҚШ Қарулы Күштерінің Ұлттық қорғаныс университетін бітірген. 1999 жылы шілде айында әскери атташенің көмекшісі болып тағайындалды. 2002 жылы 22753 әскери бөлімінің командирі болып тағайындалды. 2006 жылы сәуір айында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2007 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы болып тағайындалды. 2009 жылы шілде айында «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы болып тағайындалды. 2010 жылы наурыз айында «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды. 2013 жылы маусым айында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2016 жылы қараша айында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі әскери және қорғаныс қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 2017 жылы қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. II дәрежелі Даңқ, II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған. 12 мерекелік және еңбек сіңірген жылдары үшін медальдары бар. Әскери шені – генерал-майор.