Қазақтар – Манчестерде
Қазақтар – Манчестерде

Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында «Астана» клубының футболшылары мен бапкерлер штабы Манчестер қаласына барды. Елордалық команда бірінші айналымда «Манчестер Юнайтедпен» ойнайды.

Қазақ футболының тарихы түрленіп жатыр. Кезінде «Астана» Испанияның «Атлетикосымен» кездессе, енді кезек – «Юнайтедте». Алғаш рет қазақ баласының табаны «арман театрына» тиді. Қос команда арасындағы матч 19 қыркүйек күні, кешкі сағат 01:00-де басталады.

«Астана» Манчестерге төмендегі құраммен барды. Қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов; қорғаушылар: Антонио Рукавина, Абзал Бейсебеков, Лука Шимунович, Евгений Постников, Жарко Томашевич, Дмитрий Шомко; жартылай қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Рунар Мар Сигурьонссон, Иван Маевский, Юрий Перцух, Серікжан Мужиков, Марин Томасов, Дорин Ротариу, Дидар Жалмұқан; шабуылшылар: Сергей Хижниченко, Рангело Янга, Роман Муртазаев және Фирмин Мубеле.

«Манчестер Юнайтед» пен «Астанадан» басқа L тобында АЗ бен «Партизан» бар.

Айбике ЖАНАСЫЛ