Шенеунік екі жыл бойы ақша жымқырып келген
Шенеунік екі жыл бойы ақша жымқырып келген
313
оқылды

«Велосипед спорты бойынша олимпиадалық дайындық орталығы» РМҚК басшысы Бауыржан Мұқашев аса ірі сомада бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Мұқашев 2016-2018 жылдары РМҚК-ның жалақы қорынан 21 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Ол ұйымда жұмыс істемейтін адамдарды заңсыз жұмысқа қойып, оларға сыйақы тағайындап, оны өзіне алып отырған», - деп хабарлады агенттік.

Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде Мұқашев келтірілген залалды толық көлемде өтеді.

«Нұр-Сұлтандағы Есіл ауданы №2 соты Мұқашевты аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырғандықтан 4 жыл бас бостандығынан айырды», - деп хабарлады Жемқорлыққа қарсы агенттік.