Елорда мектептерінде 3 мыңнан астам кезекші сынып ашылады
Елорда мектептерінде 3 мыңнан астам кезекші сынып ашылады
© сурет интернеттен алынды
133
оқылды

Елордада 3 мыңнан астам кезекші сынып ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.

«Алдағы оқу жылы, өздеріңіз білетіндей, оқушыларға арналған қашықтан оқыту форматында басталады. Тек 1, 2, 3, 4-сынып оқушыларына ата-аналардың өтініші негізінде бала саны 15-тен аспайтын кезекші сыныптар жұмыс істейді. Сабақтың ұзақтығы - 40 минуттан, үзіліс уақыты әртүрлі болады. Бүгінгі күні бастауыш сыныптарда 82 мыңнан астам оқушы болса, оның 50 пайызы кезекші сыныптарға өтініш білдіріп отыр. Бұл - 3002 кезекші сынып», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Шолпан Қадырованың айтуынша, оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік ұсынымдарына сәйкес жүргізіледі. «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептер қажетті жабдықтармен, залалсыздандыру құралдары қорымен толық қамтамасыз етілді. Мысалы кіреберісте залалсыздандыру тунелі орнатылып, кілемше төселді. Тепловизорлар, санитайзерлер қойылды», - деді басқарма басшысы.