Елбасының қауіпсіздік қызметінің бастығы жұмысынан босатылды
Елбасының қауіпсіздік қызметінің бастығы жұмысынан босатылды
© сурет интернеттен алынды
130
оқылды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімі шықты, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімдерімен:

Ардақ Әшімбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметінен босатылды; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің басқарма бастығы Батырбек Бердібайұлы Байбосыновқа жүктелді.