Қостанайда 30 адамды өрттен құтқарған полицей марапатталды
Қостанайда 30 адамды өрттен құтқарған полицей марапатталды
121
оқылды
Конституция күніне орай Қостанай облысының полиция департаментінде үздік қызметкерлер марапатталды. Салтанатты іс-шара ведомстволық музейде өтті. Үздік полицейлерді облыстық ПД бастығының міндетін атқарушы Нығмет Исмагулов марапаттады. «Полиция қызметкерлері азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз ете отырып, қылмыспен күресте алдыңғы қатарда жүреді. Сол себепті мемлекет қызметкерлерді мерекелік шараларда марапаттайды. Ол әрбір тәртіп сақшысы үшін мәртебелі, жауапты сәт», - деп атап өтті полиция полковнигі. Іс-шарада мінсіз қызметі мен жоғары көрсеткіштері үшін үздік полицейлердің есімі аталды. Соның бірі — полиция инспекторы, аға сержант Нұрбек Есқабыл. Ол «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Полицей биыл әріптесімен бірге өрттен 76 жастағы зейнеткер мен сәбиді құтқарған. Жанып жатқан үйден барлығы 30-дан астам адамды алып шықты. «Ішкі 2-дәрежелі огандардың үздігі» төсбелгісі Көші-қон полициясы басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Рабиға Мұсабаеваға берілді. «Полковник» погонын криминалдық полиция бастығының орынбасары Юрий Полюхов алды. Ол полицияда 23 жылдан астам уақыт қызмет етеді, бүкіл мансабын жедел қызмет бөліміне арнаған. Юрий Полюхов мерзімінен бұрын әскери атақ алу үлкен мәртебе екенін атап өтті.
«Конституция күнін мерекелеу қарсаңында 118 қостанайлық полицей марапатталды, оның ішінде 23 қызметкер Ішкі істер министрінің құқықтарымен мадақталды», - деп атап өтті Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев.
Бүгіннен бастап полицейлер қызмет өткерудің күшейтілген режиміне кірісіп, облыс аумағында мереке күндері құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін болады.