Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған театр фестивалі өтеді
Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған театр фестивалі өтеді
169
оқылды

20-25 қыркүйек аралығында Семейде ҚР Халық әртісі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті театр және кино актрисасы Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVII республикалық театр фестивалі өтеді.

Аталған шара Қазақстанның халық артисі Әмина Өмірзақованың есімін ел есінде мәңгі қалдыру, оның шығармашылығы және мұрасымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылып отыр,– дейді Қазақстан театрлар қауымдастығы.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен өтетін фестивальге еліміздің 12 театр ұжымы үздік қойылымдарымен қатысады.

Алты күнге созылған шара барысында Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры, Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Ф.М. Достоевский атындағы орыс драма театры, Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, «Nomad» театры, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры, «Дариға-Ай» жастар театры, С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды-драма театры, Шығыс Қазақстан облыстық драма театрларының қойылымдарын тамашалай алады.