2 миллионнан астам азаматқа АӘК тағайындалды
2 миллионнан астам азаматқа АӘК тағайындалды
148
оқылды

Бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 2 млн 87 мың 400 адамға (405 мың 600 отбасы) тағайындалды, оның ішінде 1 млн 302 мың 500-і – балалар. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осылай деп мәлімдеді.

АӘК алатындардың шамамен 40% көпбалалы отбасылар (161,6 мың отбасы немесе 1 млн 71,6 мың адам).

«АӘК алушылардың ең көп саны елдің оңтүстік өңірлеріне келеді, онда барлық алушылардың 67% астамы шоғырланған: Оның ішінде Түркістан облысында – 96 мың 800 отбасы, Алматы облысында – 53 мың 600 отбасы, Шымкент қаласында – 51 мың 600 отбасы, Жамбыл облысында – 39 мың отбасы және Қызылорда облысында – 31 мың 700 отбасы.

2019 жылдың 16 қыркүйегіндегі жағдай бойынша АӘК-ті белсенді алушылардың саны 335 мың 200-ден астам отбасы немесе 1 миллион 733 мың адам, оның ішінде 1 миллион 487 мыңы – балалар», - деп хабарлайды министрлік.

Бұл ретте, 69 мың 700 отбасына немесе 351 мың 200 адамға АӘК-ті төлеу аяқталған. «2019 жылы АӘК төлеуге 204 млрд 500 млн теңге көзделген, оның 186 млрд 100 млн теңгесі республикалық бюджеттен және 18 млрд 400 млн теңгесі жергілікті бюджеттен. 144 млрд 300 млн теңге төленді», – деді ҚР ведомствоның Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті басқармасының басшысы Аяжан Жанғабылова.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда АӘК-тің еңбекке қабілетті 523 мың 400-ден астам азамат алып отыр.

«Барлығы 43 мың 500 адам немесе АӘК алушылардың жалпы санынан 39,5% жұмысқа орналастырылды. 13 мың 400-ден астам адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. 89 мыңға жуық еңбекке қабілетті адамдар жұмыспен қамту органдарымен әлеуметтік келісімшарттар жасасты», – деп толықтырды Жанғабылова. Министрлік ақпаратына сәйкес, бүгінде Электрондық еңбек биржасында шамамен 48 мың бос жұмыс орны бар.

«Яғни, отбасының қаржылық жағдайын жақсартқысы келетін жұмыспен қамтылған АӘК алушылар жұмыс таба алады немесе түйіндемелерін www.enbek.kz веб-сайтына орналастыра алады», – делінген хабарламада.