Оралда қолдан жасалған ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш көз жұмды
Оралда қолдан жасалған ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш көз жұмды
140
оқылды
Орал түбінде қолдан жасалған ұшақ апатқа ұшырап, 69 жастағы ұшқыш қаза болды, деп хабарлады «Уральская неделя». «28 тамызда сағат 08.30-да Оралда екінші бау-бақша маңында «Казинское» бау-бақша қауымдастығы ауданында бір адамдық қолдан жасалған ұшатын аппарат құлаған, ол 1951 жылы туған Ярошенко деген азаматқа тиесілі болған. Ұшқыш оқиға орнында қайтыс болды. Оқиға орнына ТЖД жасағы (жеке құрамында 18 адам мен төрт бірлік техникасы бар) және БҚО полиция департаментінің қызметкерлері барды», - деп хабарлады жұма күні Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде атап өткендей, бір адамдық ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан ұшқыш жедел-жәрдем көлігі келгенше көз жұмды. Хабарда айтылғандай, басқа зардап шегушілер жоқ.