Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады
© сурет интернеттен алынды
102
оқылды
Қазақстанның бірқатар өңірінде ертең ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 29 тамызда Атырау облысының батысында найзағай, шығысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Күндіз кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс-Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с. Оралда күндіз найзағай күтіледі, жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 18 м/с. Қарағанды облысының кей жерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз 29-30 тамызда кей жерлерінде күші 15-20 м/с болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады деп күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.