Көкшетауда жоғалған 13 жастағы қыздың өлі денесі табылды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.
«28 тамыз сағат 17:45 кезінде Көкшетау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері Красный Яр кентінен 5 шақырым жердегі орман алқабынан жоғалған жасөспірім Әйгерім Хайдарованың жерге көмілген денесін тапты», - делінген хабарламада.Бұған дейін 13 жасар қыздың жоғалуына байланысты жауап алынған ер адам өзіне-өзі қол салғанын жазған болатынбыз.