Азық-түлік бағасы 11%-ға өсті
Азық-түлік бағасы 11%-ға өсті
© сурет интернеттен алынды
240
оқылды
Жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 11,3%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,4%-ға, ақылы қызметтер – 3,2%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша, 2020 жылғы шілдеде инфляция 0,3% (2019 жылғы шілдеде – 0,2%) болды. Жылдық инфляция 7,1% (2019 жылғы желтоқсанда – 5,4%) деңгейде қалыптасты. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 11,3%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,4%-ға, ақылы қызметтер – 3,2%-ға өсті, - делінген хабарламада. 2020 жылғы шілдеде халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, бір жылдан кейін күтілетін инфляцияны сандық бағалау 6,6%-ды құрады.