Абхаз әжуасы
Абхаз әжуасы
*Жарлының мұртын ширатқаннан басқа несі қалды?   *Тоқал ешкі өзін лақпын деп ойлапты.   *Үйрекке тас лақтыр: тисе – жақсы, тимесе – тас тасқа қосылады, үйрек үйрекке қосылады.   *Басым болса, бөркім болар еді.   *Тұнып ақпаған судың түбі көрінбеген соң, түпсіз өзен екен депті. – Бетсіздер боқ басады, боқ басып жүріп топтасады. *Барлық ит өз ауласында күшті.   *Сиыр сойған жерде ешкі де сойылады.   *Қырғиы көп жерде көгершін ұшпайды.   *Кісінің қай жері ауырса, қолы сол жерді сипайды.   *Құмырашы құмыраның құлағын қалаған жерінен шығарады.   *Қонақ қонақты жаратпайды, ал отағасы екеуін де жаратпайды.   *Бір шошқаның ауызына екі жаңғақ сыймайды.   *Күйеуге шыға алмаған қыз міншіл келеді.   *Өгізге мүйізі ауыр емес.   *Саңырау үшін барабанды екі рет қақпайды.   *Қарыз бен борыш қартаймайды.   *Шошқаны шыңғырту үшін итін сойып тастады.   *Бейтаныс төте жолдан таныс қисық жол қысқа.   *Жастық та адамды жалықтырады.   *Арам ауыздан жаман сөз шығады.   *Күнде көрген кісіге құрмет жоқ.                       * Қол соқсаң болды – билеп беремін.   * Жөтел мен жаман әдетті жасыра алмайсың.   * Ағаш қартайса, құрт түседі.   * Өзен ағысы алып кеткен бақа: “Өзім де теңізге дейін жүзгім келіп отыр еді”, – депті.   * Жапалаққа Жаратқан көз берген­де, ол енді қас керек деп сұрапты.   * Атыңды кімге сеніп тапсырсаң, әйеліңді де соған сеніп тапсыр.   * Кімге бас қойсаң, құлақты сол жейді.   * Сандыққа салып қойсаң да, ажалды өледі. * – Соққан кім? – Ағам. – Баққан кім? – Ағам.   *Күшіне сенген адам боп­сала­майды.   *Қолынан іс келмейтіннің ісі таусыл­майды. *Бір кесе шарап іше алмайтын адам­ға екі кесе шарап ішкізіпті. *Өзіне пайдасы жоқтың өзгеге де пайдасы жоқ.   *Айтуға ұялмаған істеуге де ұял­майды.   * Саған ізгілік ойлаған кісі қызыңды мақтайды.   * Түлкі қайда болса, құйрығы сонда.   * “Құйрығым кедергі жасамаса, менен ешкім оза алмас еді”, – депті қой.   * “Жорға болар едім, басымды шұлғи беруге мойыным жар бер­мейді”,– депті жылқы. * Түлкі құйрығын куәлікке тартып­ты. * Бақа да батпағым басқанікінен үлкен болса екен дейді.   *Есектен құлаған баланы атқа отыр­ғызба.   *Аю түлкінің ізін көріп таң қалыпты. *Күйеуін түрмеге айдап бара жатса, әйелі оған сатып алатын көйлектің үлгісін беріпті. *Мияулаған мысық тышқан аула­майды. *Әйеліңнің кемшілігін өгей ше­шең­­нен артық ешкім білмейді. *Жалғызілікті адам өзінің жал­ғыздығын тамақ ішкен кезде де сезін­еді. *Шіріген бір алмұрт жүз алмұртты шірітеді. *Бір сөзді екі рет қайталасаң, иісі шығады. *Жаман ұста орманға барса, барлық ағаш дірілдеп қоя береді. *Жері жоқ себетін тұқым сұрапты. *Ауыздың қайда екенін қол біледі. *Малды мүйізінен ұстайды, Адамды сөзінен ұстайды. *Әлсіз амалсыздан мейірімді бола­ды. *Ит үш аунамай жатпайды. *Бір рет қорыққан ит жұлдызға қа­рап үш жыл үреді. *Итті еркелет, бірақ таяғыңды тас­тама. *Кесе сыңғырламай сынбайды. *Тоқ адам өзгелерді де тоқ деп ойлай­ды. *Екі ергежейліге дүние тар болып көрініпті. *Кімді мырзам десең, сол сені өзім­нің құлым дейді. *Әйелдің күші кем, бірақ қулығы артық. *Ешкісі жоғалғанның күні де жо­ғалады. *Қарға мылтықты кісіні көріп: “Егер ақылы болса, мені атпайды, ақымақ болса, атқан оғы тимейді”,– депті. *Ақымақ ағайыннан ақылды дұш­пан артық. *Сиырды көздеп, бұқаны ат.  

Аударған Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ