«Атың шықпаса, жер өрте!»
«Атың шықпаса, жер өрте!»
527
оқылды
Қазақтың игі жақсыларын орынды-орынсыз күстәналау белең алып жүр. Өткенде елдің сүйікті перзенті, халық әртісі Асанәлі Әшімовты ақын Нағашыбай Қабылбек «ішеді екен», «құдай жоқ»  деп айтты» деп мінеген болды.«Еңкейсем есіме түседі» дегендей біраз уақыт өтсе де, соған өз пікірімізді ептеп езу тартып білдірсек несі сөкет. Нағашыбай Қабылбек, Ұлы өнерліге сын айтқан Кім өзі? – деп қалып ек. Ақын екен ғой әне бір, Көп атағы, халы жоқ. Содан екен, шамасы – Асанәліге тиіссем, Көтерілер балым деп. Оның енді амалы көп: Атың шықпаса, жер өрте, Моська болып Пілге шап. Берді деп маған тіл мен жақ, Елі сүйген ұлы Ағаны Сол қотыр тілмен шақ. Бірақ оған білінбес, Құртымдай маса ызыңы. Сап болар, ұрса шапалақ! Ол бірақ қолын көтермес, Пейілі кең, көңілі ақ. Шарап ішті деп жазғырды, Соны жұртқа наз қылды. Асанәліні мінеген Пиарына мәз болды. *** Ішу деген бұл өзі Адам-Атадан басталған. Сол ұлы Баба пейіште Алла лұқсат етпеген. Бір ашыған дәмді ас қылған. Сірә, әзәзіл қас қылған. Содан аздап мас болған, Жұмақтың іші ластанған. Хауа менен екеуі Жер бетіне тасталған. Сөйтіп, әне, адамзат Бахуспенен дос болған. Тыйым салу тәртібі Кейінірек басталған. Қарағанда кітаптан, Бұл шежіре расталған. *** Кім ішпеген шарапты, Бүкіл әлем тарапта? Хандар оған қарапты. Сұлтандар да жаратты. Ғалымдар ішкен талапты Жазушы, ақын талантты, Өнерпаздар қалапты. Тіпті жасырып, білдірмей, Молдалар да жалапты. Омар Хайям Шығыста Шарапқа деген мадақты – Рубаятпен таратты. Сол сияқты Асекең, Жолдастарымен аз ғана, Көтерген шығар шарапты. Одан сенің нең кетті? Қай жеріңді қанатты? *** Енді қызық айтайық – Ішпейтін бір адам бар: Ол әлгі Қабылбек Рюмке қолға алмайды, Көзін де оған салмайды. Ішпегенмен не пайда, Бәрібір ол удай мас. Жақсылыққа жаны қас. Дарабозды жамандап, Айтқандары тіпті лас. Мас болатын себебі – Ол құймайды ауызға, Аллергия игі парызға. Жақсыны сыйла деп, Аталар айтқан уағызға. Әуелден қаны бұзылған, Содан бөртіп қызынған. Бірақ өзін тап-таза «Трезвый» деп санайды. Ал естігенде сөздерін Ел басқаға балайды. *** Асанәліге тағы тиіскен «Құдай жоқ» деген бір іспен. Діннің жолы қиын-ды. Пірәдарлар айтқанмен, Кім бар соны біліскен? Сенім жөнінде біреуге Кінә тағуға болмайды. Шариғат соны толғайды. Әркімнің өз еркі бар. Аят нақыл жазылған Заңның анық шерті бар. Айып тақтың ағаға, Өзің баттың күнәға. Ұста соны санада. *** Өзінен басқа неме жоқ, Су бетінде кеме жоқ Ұрттамаған, мас бірақ Айтқандары сандырақ. *** Бұзылғанға көмек деп, Мастықты емдеу – ісіміз. Түптен шалып құлатар Түзуді қай бір кісіңіз?