Театрда
Маңғыстауда Шақарбаев деген өтipікшi адам болды. Оның айтқан бөспе әңгімелеріне ел қарқ болып күлетін. Бip жылы Мәскеуге бардым. – деп бастайды ол бip әңгімесін. – Үлкен жиналыс болған, соған қатыстым. Ол не жиналыс? Партия съезі шығар ... – деп сұрақ қояды қулар жымыңдап. Иә, қай шияз екенін ұмытып қалыппын... Әй, Шақарбаев, сені съезге делегат болды деп естіген жоқпыз ғой... Өй, маған телигаттық неге керек? Стәлін жолдас өзi шақырды ғой мені. «Жолдас Шақарбаев телигат болмасан да кел, сен керексің» деді ғой. Апырай, ә? Сонда кешке жиналыстан қол босаған соң театрға бардым. Бip жақсы ойын жүріп жатыр. Сәлден кейін арт жағымнан жылаған дауыс естілді, бipey қорс-қорс етеді. Бұрылып қарасам – Крупская, тие берсін, марқұм Ленин көсемнің бәйбішеci. Tiптi ағыл-тегіл, дауыс ете бастады. Шақарбаев қайным-ау, ағаңның қайтыс болғанына бip жылдан асып кетті, әлі бата тигізген жоқсыз... ө-ө-өh... Мен сасып, қапелімде не айтарымды білмей, бәпек болдым. Надя жеңеше, кешіре гөр, Маңғыстаудың алыс жер екенін білесіз ғой, тіпті peтi келмей-ақ қойды. Ағамыздың арты қайырлы болғай, - деп мен де жылап жібердім, - ө-ө-өһ... Екеуіміз қосылып, боздап кеттік. Бip уақытта: «Тоқтатыңдар!» деген қатты дауыс шықты. Шошып кетіп, жалт қарасам, айқайлап тұрған Стәлін жолдас екен. Жоқ, бұл сендерге емес, жылай беріңдер. Мен спектальдіт тоқтатып тұрмын, сендер мауқыларың басып, дұрыстап жыласын деп, - деді Стекең. Біз ол кісіге рахмет айтып, тағы бipaз көз суладық. Біз жылап болғанша Стәліннің бұйрығымен сахнадағы артистер мелшиіп үнсіз тұрды.Ауру құдалар
Қыз ұзату тойы жүріп жатыр. Қалыңдық алып кетуге келген құдалар сыздиып отыр. Жақсы-жақсы тостылар айтылуда, бipaқ құдалар iшімдікті қолдарына алмайды, қанша зорласа да татпайды. Әй, құрметті құдалар, неге алмайсыңдар? Тойдың ырзығы, дәмнің бip түpi ғой. Көп ішіп, мас болу шарт емес, аздап ішсеңдерші, – дейді той иесі. Менің жүрегім ауыратын еді, - депті бip құда. Менің бауырым iciк, - депті екінші құда. Осылайша қалай сұраса да, міз бақпай, «Үйбәй, аурумыз» дей берген. Tiптi, болмаған соң бip ауыл ағасы тұрып: Уа, халайық бұл құдалар қыз алу үшін емес, ауру екендеріне бізге шағым айта келген екен. Шағымдарын қанағаттандырып, бұларды қайтарайық. Өлмелі құдалардың бiзгe қажеті жоқ. Барсын, емделсін, қызды жазылған соң келіп алар. Көксау, ас iшce, жан тапсырайын деп отырған бишараларға ертіп жiбepeтiн қызымыз жоқ. Кетсін, жолды ашыңдар! – деп айқай салған. Басқалары да мұны қолдап, даурығып жатыр. Сонда құдалар: «Әй, енді қинайсыңдар-ау», - деп, бip-бip рюмкеден тартып жіберіпті. Сөйтіп басталған соң белгілі ғой, құдалар ақырында шатқаяқтап зорға аттаныпты.Сержан ШАКРАТ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы