ДДҰ: Еуропалықтардың өмір жасы ұзарды, бірақ алкоголь мен темекіні әлі де азайтпай отыр
ДДҰ: Еуропалықтардың өмір жасы ұзарды, бірақ алкоголь мен темекіні әлі де азайтпай отыр
107
оқылды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) дерегінше, соңғы онжылдықта Еуропа мемлекеттерінде адамның өмір жазы ұзарып, өлім-жітім деңгейі төмендеген. Бірақ барлық проблема шешілген жоқ: алкоголь өнімдерін жиі ішу, темекі шегу және семіздік секілді мәселелер өткір күйінде қалып отыр.

Копенгагенде Еуропа аймағының 500-ден астам өкілі және денсаулық сақтау министрлері жиналып, соңғы 10 жылдың қорытындысын талқылады.

«Көптеген жетістікті атап өтуге болады: аймақта өмір сүру ұзақтығы артып келеді. Ана мен бала өлімі төмендеді »,– деп мәлімдеді ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Адхан Гебрейюс.

ДДҰ хабарлағандай, Еуропа елдерінде өмір сүру ұзақтығы әйелдерде 82 жасқа дейін, ерлерде 76,2 жасқа дейін өскен.

Тедрос Адхан Гебрейюс аймақта жұқпалы емес аурулардан болатын өлім-жітім айтарлықтай азайғанын және барлық елдер тұрақты даму мақсатына жақындағанын айтты.

«Сіздер бүкіл әлемге үлгі болдыңыздар және оны мақтан тұтуыларыңыз керек», – деді ДДҰ басшысы Еуропа аймағының өкілдеріне қарата айтқан сөзінде.