Отбасын құрамын деп опық жеді
Отбасын құрамын деп опық жеді
128
оқылды
21 тамыз күні сағат 00.30-да кезекші бө­лімге хабар келіп түскен. Онда облыс орта­лығындағы дәмханаларының бірінде жиырма жастағы аспаз қыздың ұрланғаны айтылған. Жедел іздестіру барысында полиция қыз­меткерлері бейтаныс қызды оның келісімінсіз үйлену мақсатында алып қашқан адамды ұстаған. Ол Талас ауданының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Полицейлер қызды үйіне қайтарған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 2-бөлігі 125-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  Жамбыл облыстық полиция департаменті аталған бапқа сәйкес, қызды ұрлап кеткен жігіт төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтады.  

Тұмар МЫРЗА