Төрт университеттің лицензиясы тоқтатылды

Төрт университеттің лицензиясы тоқтатылды

Министрліктің баспа­сөз қыз­ме­ті таратқан мәлі­метке сүйен­сек, «Алматы» уни­вер­ситеті, «Қай­нар» ака­демиясы, Алматы эко­но­мика және статис­тика ака­демиясы, Қа­зақ меди­ци­налық үздіксіз білім бе­ру университеті, А.Қуат­беков атындағы Ха­лық­тар досты­ғы уни­вер­ситеті жә­не Silkway халық­аралық уни­вер­ситетін қайта тексе­ру қо­рытын­дысы бойынша білім беру саласындағы заңнама нор­маларының бұзылуы анық­талды. Осыған байланысты ми­нистр­ліктің Білім және ғылым саласын­дағы сапа­ны қамтамасыз ету ко­­ми­­теті «Алматы» универ­си­теті, Ал­маты Экономика және статис­тика ака­де­мия­сы, Қазақ медици­на­лық үздік­сіз білім беру уни­верситеті, А.Қуатбеков атындағы Ха­лықтар дос­тығы уни­вер­ситеті анық­тал­ған бұзу­шылықтар жойыл­­­­­ғанға дейін лицен­зиясының кү­шін тоқтатты. «Қайнар» академиясы мен Silkway халықаралық уни­вер­сите­тінің ісі тексеру қо­ры­­­тын­дысына шағым­дануына байланысты сот­та қара­лып жатыр. Сот про­­цесі аяқтал­ған­нан кейін тиісті шара қабыл­данады. Сонымен қатар М.Х.Ду­­­лати атындағы Та­раз өңірлік универ­сите­тінде «құқық» даярлау ба­ғы­ты бойынша (бака­лав­риат) лицен­зияға қосым­шаның қолданылуы тоқ­татылды. Осыған бай­ла­нысты БҰМ талап­керлерді заңнамаға сәй­кес білім беру қызметін жүргі­зуге лицен­зияның қолданылуы тоқта­тылған жағдайда жо­ғары оқу орны жаңа 2020-2021 оқу жылына қа­былдай алмай­тынына назар ау­даруды сұрап отыр.  

 Х. ТӘЖІҒҰЛ